Форум аясында «ҚазжолҒЗИ» АҚ делегациясы «Жол шаруашылығын дамытудың инновациялық векторы: материалдар, технологиялар, сынақ әдістері» атты конференцияда баяндама жасап, жол саласын дамытуға бағытталған шешімдерді ұсынып, одан әрі жаңғыртудың негізгі басымдықтарын айқындады. Негізгі назар көлік инфрақұрылымын дамытуға, халықаралық автокөлік дәліздерін нығайтуға, цифрлық шешімдерді енгізуге және Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің үш жылдық жоспарына сәйкес жол құрылысына инновациялық материалдарды қолдануға аударылды.
Форум барысында «ҚазжолҒЗИ» АҚ делегациясының Ресей жол ғылыми-зерттеу институтының, асфальтбетон қоспаларын өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы «Р.О.С.АСФАЛЬТ», көлік-құрылыс кешенінің ғылыми-зерттеу институтының, сондай-ақ ГНЦ РФ ФГУП «НАМИ» және НИЦ «Газпромнефть – Битумные материалы» өкілдерімен екіжақты кездесулеріге ерекше назар аударылды.
Тараптар жобалау және нормативтік-техникалық базаны жетілдіру, асфальтбетон қоспаларын төсеу технологиялары, сондай-ақ автомобиль жолдарының көлік-пайдалану жағдайын бағалаудың заманауи тәсілдері бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Сонымен қатар бірлескен ғылыми зерттеулерді іске асыру, зертханалық және далалық деректермен алмасу, әртүрлі климаттық жағдайларда жаңа технологиялар мен материалдарды сынақтан өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Өткізілген кездесулер мазмұнды кәсіби диалог орнатуға, тәжірибе алмасуға және өзекті салалық шешімдерді талқылауға мүмкіндік берді. «ҚазжолҒЗИ» АҚ-ның форумға және іскерлік кездесулерге қатысуы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, қазақстандық тәжірибені халықаралық деңгейде ілгерілетуге және заманауи әрі тұрақты жол инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді.