Отандық ғылымның дамуына өлшеусіз үлес қосқан, көрнекті ғалым, әлемге танылған физик-математик, профессор, академик Қалыбай Айсұлтан Әбділлаұлы дүниеден озуына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, ҚазжолҒЗИ ұжымының атынан көңіл айтамыз.
Саналы ғұмырын ғылымға арнап, іргелі зерттеулерімен ел мерейін асырған, шәкірт тәрбиелеп, өнегелі жол қалдырған тұлғаның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады. Оның отандық ғылым мен өндіріс саласына сіңірген еңбегі, адамгершілігі мен парасаты кейінгі буынға үлгі болып қала береді.
Орны толмас ауыр қазаға байланысты сіздерге сабыр мен төзім тілейміз. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы саламат болсын.
